18.04.2025 | 17:27

КСЕНИЯ БАТАЛОВА – ТАШКЕНТТЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ат спортынан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Ксения Баталова N1 бағдарында 120 см биіктіктегі кедергілерді Ladi Di лақап атымен танымал жылқымен жүріп өтіп, екінші орынға ие болды.

Әлем кубогының кезеңіне Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен 40-тан астам спортшы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес