Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Мейрамбек Қартбай үздік үштікті түйіндеді

Ұқсас жаңалықтар

Күрес түрлерінен Бішкекте басталған Азия чемпионатының алғашқы күнінде еркін күрестен 57 кг дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы 3-орын үшін белдесуде Қытай өкілі Ли Вейюді 7:2 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Мейрамбек 5-орынға тұрақтаған.

Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.