Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ 3 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Нұрқожа Қайпанов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында 74 кг дейінгі салмақта топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Финалда отандасымыз қырғыз спортшысы Орозобек Токтомамбетовты жықты. Есеп: 2-1.

Еске сала кетейік, Нұрқожа 2019 жылы Қытайда (70 кг) және 2021 жылы Алматыда (74 кг) алтыннан алқа таққан. Ал 2022 жылы Ұлан-Батырда 74 кг дейінгі салмақта Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.