Күрес түрлерінен Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеуде еркін күрестен 74 кг дейінгі салмақтағы Нұрқожа Қайпанов үшінші жұбаныш белдесуінде жастар арасында Әлем және Еуропа чемпионы Чермен Валиевтан (Албания) 3:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Түркиядағы турнирді тәмамдады.

Енді Париж Олимпиадасында боз кілем шеберлеріміз 4 грек-рим салмағында және 3 еркін күрес салмағы бойынша жүлдеге таласатын болады.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.