Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Нұрсұлтан Тұрсынов пен Ержет Жарлықасын жартылай финалда күреседі

Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен Азия чемпионатының 5-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың екі палуаны жартылай финалда күреседі. Париж Олимпидасының жолдама иегері Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Лиден басым түсті. Ал Ержет Жарлықасын (63 кг) ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавидің жауырынын жерге тигізді. Оның алдында қазақ атлеті алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілін 6:4 есебімен тізе бүктірген.

Өкінішке қарай, 55 кг дейінгі салмақтағы Нұрзат Қабдырахымов (өзбекстандық  Ортикбоевтан), Ибрагим Магомадов (77 кг, қырғыз Ақжол Махмұдовтан) пен аса ауыр салмақтағы (130 кг) қазақстандық Мансур Шадукаев ширек финалда (қырғызстандық Эрлан Манатбековтен) ұтылып қалды.

Жартылай финал белдесулері біраздан кейін басталады.