18.09.2025 | 15:36
Бөлісу:
ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев (-77 кг) Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 1/16 айналымда Йонни Куннари Сарккиненға (Финляндия) еш мүмкіндік қалдырмады. Келесі қарсыласы Сербия немесе Алжир палуаны болады.

Айта кетейік, Жадыраев 2017 жылы Париждегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: