Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ПАЛУАН ЕРНҰР НҰРҒАЗЫ ТИРАНАДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖАРҚЫН ЖЕҢІСКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Ернұр Нұрғазы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 айналымына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол алғашқы белдесуінде (70 кг) түркиялық Үміт Ердоғаннан жеңісті жұлып алды. Енді отандасымыз қырғыз спортшысы Қанат Керімбековпен күш сынасады.

Өкінішке қарай, Омар Нәдіров (125 кг) жұбаныш кезеңінде украиналық қарсыласынан, Бекзат Ермекбай (65 кг) іріктеуде Хамзат Арсамерзоевтан (Франция) ұтылып қалды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.