25.03.2025 | 22:12
Бөлісу:
ШАМИЛЬ ОЖАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржыны 2-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Грек-рим күресінен 87 кг дейінгі салмақтағы Шамиль Ожаев Оңтүстік Корея палуаны Пак Санхёкты ұтты.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: