22.08.2025 | 14:53

СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан-1 командасы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Стенд атудың скит жаттығуында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы қосымша матчта Қытай-1 құрамасынан басым түсті.

Енді бүгін Астана уақытымен 16:30-да отандастарымыз Қытай-2 командасымен бас жүлдені сарапқа салады. Қола және алтын медаль үшін матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес