«Astana Target club» спорттық кешенінде стенд атудан VI Жастар ойындары ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
4 жылда бір мәрте өтетін айтулы бәсекеге 7 өңірден 150-ге жуық жас спортшы бас қосты. Бәсеке барысында қатысушылар скит және трап сайыс түрінде сынға түседі.
21-27 шілде аралығында жалғасатын жарыста VI Жастар ойындарынан бөлек, Қазақстан кубогының III кезеңі де өтеді.
27 шілдеге дейін жалғасатын бәсекеде жалпы 40 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.