22.08.2025 | 16:05

СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында стенд атудан аралас жұптық сында Қазақстан-1 командасы 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит бағдарламасында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы аса тартысты өткен финалда Қытай-2 құрамасына (Хан Сюй, Цзян Итинь) есе жіберді Есеп: 40-42.

Осы жаттығуда қола жүлдені Қатар мен Үндістан құрамасы иеленді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес