27.08.2025 | 16:01
Бөлісу:
СТЕНД АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Трап жаттығуында аралас командалық сайыста Қазақстан-1 командасы сапында Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова Үндістан-2 құрамасынан басым түсті. Есеп: 38-34. Тағы бір қола жүлдеге Қытайдың Тайпейі қол жеткізді.

Алтынды Қытай-2 мен Кувейт-1 командасы сарапқа салып жатыр.
Айта кетейік, бұл Әлішер үшін сары құрлық бәсекесінің алғашқы, ал Айжан үшін екінші медалі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
СТЕНД АТУ: ПЕРУДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНА КІМДЕР АТТАНДЫ?
ӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН ЭДУАРД ЕЩЕНКО АЗИЯ РЕЙТИНГІН 1-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ