Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

УШУДАН АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА 8 МЕДАЛЬ ТҮСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырған жарысқа құрлық пен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы биыл 9 ушу шеберін апарып, 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

1-орын: Бексұлтан Қоскенов (65 кг)

2-орын: Дияр Хамраев (90 кг)

2-орын: Ислам Иминов (48 кг)

3-орын: Карим Иминжанов (56 кг)

3-орын: Нұрислам Авутов (52 кг)

3-орын: Расул Тұрғанжанов (75 кг)

3-орын: Юлтуз Юлдашева (60 кг)

3-орын: Карина Исмаилова (75 кг)

Осылайша, Ұлттық құрама жарысты жалпы есепте 6-орында аяқтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.