Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЗАГРЕБ-2025: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ЕРКІН КҮРЕС ПАЛУАНДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Биылғы бозкілем бәсекесіне еркін күрестен Ұлттық құрама сапында мына спортшылар барады. Мадияр Құрамысов бастаған бапкерлер қосыны бекіткен тізім:

Әділет Әлмұхамедов (57 кг)

Асылжан Есенгелді (61 кг)

Начын Куулар (65 кг)

Нұрқожа Қайпанов (70 кг)

Әлібек Әбілқасым (74 кг)

Болат Сақаев (79 кг)

Азамат Дәулетбеков (86 кг)

Камил Куруглиев (92 кг)

Ризабек Айтмұхан (97 кг)

Әлішер Ерғали (125 кг)

Қазір еркін күрес шеберлері Грузияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Дайындықтың екінші кезеңі елімізде өтеді.  Әйелдер және грек-рим күресінен спортшылар тізімі алдағы уақытта толық белгілі болады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.