Ертең Филиппин астанасы Манилада волейболдан Challenge Cup турнирі басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Еліміздің әйелдер құрамасы В тобында Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Қытайдың Гонконг командасымен сынға түседі. Ал А себетінде Филиппин, Қытайдың Тайпейі, Үндістан, Иран мен Аустралия өзара үздіктерді анықтайды.
Біздің команданың ойын кестесі мынадай:
22 мамыр, Қазақстан – Сингапур
24 мамыр, Қазақстан – Вьетнам
25 мамыр, Индонезия – Қазақстан
26 мамыр, Гонконг – Қазақстан
Бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.