Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АДЕЛЬ ЖЕКСЕНБИНОВА МЕН АНДРЕЙ ТЮТЮН САДАҚ АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Сингапур қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының 2-кезеңінде миксте Қазақстан командасы ақтық сынға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн ертең алтын медаль үшін таласады. Олар жартылай финалда Малайзия командасын жеңді.

Ал классикалық садақпен атуда Ильфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова жұбы 4-орыннан көрінді. Отандастарымыз 3-орынға таласта жарыс қожайыны Сингапурдан 3-5 есебімен жеңілді. Айта кетейік, бұл кезең 20 маусымда аяқталады.

Фото: Халықаралық садақ ату федерациясы.