Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ағайынды Емельяновтар Азиадада күміс жүлдегер атанды

Ұқсас жаңалықтар

Санаулы сəттер бұрын Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каноэмен ескек есудің жұптық сайысында мәреге екінші келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ағайынды – Тимофей және Сергей Емельянов өзбекстандық ескекшілерге жол берді. Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен 9-шы күміс жүлде. Осыдан 5 жыл бұрын Индонезия астанасы Джакартада өткен жазғы Азиадада Тимофей және Сергей Емельянов 1000 метрге жарыста күміс жүлдеге ие болған.