Шри-Ланкадағы Азия чемпионатында 71 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Ағажан Қадыр жартылай финалдан сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол Кувейт спортшысын әбден тықсырып, төрешілердің 5-0 есебімен басым түсті. Алтын жүлдені қазақ спортшысы Қырғызстан өкілімен сарапқа салады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.