Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АИДА ӘБІКЕЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында еліміздің сапынан бірінші финалистің есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионы, 65 келідегі Аида Әбікеева жартылай финалда Грейн Мэри Уолшты (Ирландия) қапы қалдырды. Қарымта шабуылдағы керемет техникасымен тәнті қылған отандасымыз 5:0 есебімен сенімді түрде жеңісті өз еншісіне жазды.

Аида Әбікеева наурыз айында өткен Сербиядағы әлем чемпионатында топ жарған.