Бүгін еліміздің 1-ракеткасы Александр Бублик германиялық Максимилиан Мартерерді сенімді жеңіп, Лондонда өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің 4-айналымына жолдама алды. Отандасымыз қазір ATP рейтингінде 26-шы, Максимилиан болса 170-орында тұр. Алғашқы партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын жақсы пайдаланып есепті 6-4-ке жеткізді. Сосын, қарқынын үдетіп, 6-1 есебімен басым түсті. Ал шешуші сетте жеңісті тай-брейкте жұлып алды. Есеп: 7-6 (7:4).
Ойын статистикасы:
|
|
Бублик |
Мартерер |
|
Эйстер |
10 |
5 |
|
Доп беру кезіндегі қосарлы қателер |
7 |
3 |
|
Брейктер |
4 |
0 |
|
Виннерлер |
39 |
22 |
|
Жеңіп алған ұпайлар саны |
107 |
78 |
Енді Александр Бублик ширек финал жолдамасын әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффенмен сарапқа салады.
Бублик 2-айналымда америкалық Джефф Вольфты, 1-айналымда америкалық Маккензи Макдональдты ұтқан.