Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Шевченко Париж Олимпиадасының алғашқы айналымында сүрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Александр (әлем рейтингінде 58-орын) мен 18 жастағы чех Якуб Меншик (81-орында) арасындағы матч 3-6, 4-6 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат, 6 минутқа созылды.
Бұл Шевченко мен Меншик арасындағы 2-ойын. Әзірге барлық кездесу чех теннисшісінің пайдасына шешілді.