Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ең жеңіл салмақтағы 2 дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай рингке көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы 1/8 кезеңде Словакия боксшысы Николь Дуриковамен жұдырықтасып, еш қиындықсыз келесі айналымға өтті. Ол қолын түсіріп, рингте емін-еркін қимылдады. Ал 3-раундта қарсыласын 3 мәрте нокдаунға түсіріп, жекпе-жектің бітуіне 30 секунд қалғанда мерзімінен бұрын жеңісті тойлады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.