21.05.2025 | 17:47

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КАРТИНГТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

24-25 мамырда Алматы облысында орналасқан «Sokol» спорттық-техникалық кешенінде картингтен барлық жас санатында Қазақстан чемпионатының 2-кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Б

Бәсекенің алғашқы кезеңі бір ай бұрын осы кешенде өткен. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 4 кезеңнің нәтижесінде ұпай саны бойынша анықталады.

Қазір әр класс бойынша көшбасшылар мынадай:

KZ 2 санаты: Артемий Мельников (23 ұпай)

Мини класс: Руслан Логинов (27 ұпай)

OK-J санаты: Марк Валеев (25,5 ұпай)

Rotax Max Senior санаты: Әсет Мирманов

Былтыр 4 кезең нәтижесінде әр санаттағы жеңімпаздарды назарыңызға ұсынамыз:

Мини санаты: Марк Валеев (87.5 балл)

OK-J санаты: Ермолай Пишнограев (104 ұпай)

Rotax Max санаты: Владимир Пак (120.5)

KZ 2 санаты: Артём Ченцов (177)

Фото: Татьяна Дружинина.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес