08.08.2025 | 00:23
Бөлісу:
ҚОСТАНАЙДА МОТОКРОССТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 2 КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ
8–10 тамыз аралығында Қостанай облысында мотокросстан Қазақстан чемпионатының үшінші және төртінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жыл сайынғы дәстүрлі доданың үшінші кезеңі Лисаковск қаласынан бастау алып, төртінші кезеңі Қостанай қаласындағы орталық саябақпен ұштасқан Тобыл өзенінің жағасындағы арнайы трассада жалғасады. Чемпионат жеңімпаздары бес кезеңнің ұпайы нәтижесінде белгілі болады. Сондықтан, алдағы жарыс фавортиттер үшін маңызды.
«Қостанай мотодромының құмды жабындысы күрделі, бұрылыстары мен трамплиндері бар. Аса шеберлік пен шыдамдылықты талап ететін ерекше трасса. Мұны қатысушылардың бәрі дерлік жақсы біледі. Соған қарамастан бізді тартысқа толы жаорыс күтіп тұр»,- деді автомотоспорттан ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрпейіс Қонысбай Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген пікірінде.
Айта кетейік, чемпионаттың қорытынды бесінші кезең қайтадан Алматы облысында жоспарланған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: