05.09.2025 | 10:06

КАРТИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШЕШУШІ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Алматы облысындағы «Sokol» спорттық-техникалық кешенінде 5–7 қыркүйек аралығында халықаралық санаттағы картингтен Қазақстан чемпионатының соңғы, әрі шешуші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл дода биылғы ел чемпионатының қорытынды нүктесі болады. Осыған дейінгі тартысқа толы төрт кезеінен кейін маусымның соңғы бәйгесінде спортшылар жинаған ұпайларын түйіндейді. Жылдың үздігі атанған спортшы «спорт шебері» атағын иеленеді.

«Картинг – автоспорт әлемінің бесігі. Мұнда болашақ чемпиондар түлеп, алғашқы жеңістердің дәмін сезеді. Қазақстанның әр өңірінен жиналған жастар мен тәжірибелі шеберлер бір алаңда тоғысып, жанкүйерлер үшін де нағыз мерекелік атмосфера, жылдамдық пен эмоция тоғысқан ерекше әсер сыйламақ»,-деді жарыс жайлы авто-мотоспорттан ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Нұрпейіс Қонысбай.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес