26.07.2025 | 17:57
Бөлісу:
АРУЛАРЫМЫЗ СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Тбилисиде семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы сапы жаттығуынан командалық сайыстардың 1/16 финалында Қазақстан құрамасы Франциямен (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерлері) кездесті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл сында ел намысын София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Кайдарова және Каролина Фомина қорғады. Тартысты айқас 33:45 есебімен француздардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бүгін Тбилисидегі әлем біріншілігінде ерлер арасында сапы және әйелдер арасындағы қылыштасудан жекелей сайыстар басталды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЖЕҢІП КЕТТІ