Бүгін Astana Open бәсекесінің 1/8 кезеңінде ресейлік теннисші Карен Хачанов хорват Марин Чиличті ұтты. Есеп: 2:6, 6:3, 6:3. Ойын екі жарым сағатқа созылды. Кездесу ресейліктің пайдасына аяқталғанымен, эйс жасаудан Марин алдына жан салмады (5-10). Алайда 34 жастағы спортшы допты ойынға қосу кезінде көбірек қос қате жіберді (5-3).
Бұл Карен мен Марин арасындағы 6-матч болатын. Енді таразы бас тең (3-3). Қазір ATP рейтингінде ресейлік 18-ші, ал хорват 14-орында тұр.
Енді Карен Хачанов жартылай финал жолдамасын серб Новак Джокович пен нидерландтық Ботик ван де Зандшульп арасындағы жеңімпазбен сарапқа салуы керек. Бұл жұп бүгін кешке кортқа шығады.


