Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Азия чемпионы Айбек Оралбай 92 кг дейінгі салмақтың ширек финалында Жамар Таллейден (АҚШ) барлық раундта басым түсті.

Айбектің жарыс барысында кездескен қарсыластары:

1/32 айналым. Санжит Санжит, Үндістан (Азия чемпионы) 5:0

1/16 кезең. Ханеул Жанг (Оңтүстік Корея) 5:0

1/8 кезең. Хулио Кастильо Торрес, Колумбия (2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 5:0.

Ширек финал. Жамар Таллей 5:0

Есіңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасында бұл салмақта Василий Левит бақ сынаған.

Суреттердің авторы – Аян Төлеген.