Боксшымыз Айбек Оралбай (92 кг) Олимпиаданың ширек финалында Әзірбайжан өкілі Лорен Альфонсо Домингестен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Төрешілер есебі 2-3.
Отандасымыз осыған дейін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада топ жарған (2018) және Азия чемпионы.
Лорен Альфонсо Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ ол – әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Еуропа ойындарының жеңімпазы.
Сурет: Тұрар Қазанғапов.