Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЙБОТА ЕРТАЙҚЫЗЫ – СИНГАПУРДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

Сингапур төрінде жалауы желбіреген көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы өз өнерімен көз сүйсіндіріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айбота жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында, төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Өзбекстан спортшылары көш бастап, алғашқы екі орынды иеленді. Сондай-ақ Айым Мейіржанова барлығы  80.450 ұпаймен 5-сатыдан көрінді.

Айта кетейік, сары құрлық додасына 19 елден 100-ден астам атлет бас қосып, өз бағын сынп жатыр. Енді, ертең ақтық жарыстар басталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.