Біздің спортшымыз Айдос Сұлтанғали (60 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы, тағы 2 дүркін күміс жүлдегері, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6.
Айта кетейік, егер Жоламан финалға шықса, Айдос қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алады.
Фото: Сали Сабиров.