Қылыштасудан Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай үшін Париж Олимпиадасының жекелей сыны аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Біздің спортшымыз 1/16 кезеңде жарыс қожайыны, фавориттің бірі француз Манон Брюнеден (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы) жеңіліп қалды.
Есеп 12-15.
Айта кетейік, Айгерім алғашқы айқасында алжирлік қарсыласы Чайма Бенадуданы жеңген. Бұл Айгерімнің алғашқы Олимпиадасы.
Сурет: Владислав Семенов.