Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Айгерім Сарыбай Түркиядағы халықаралық бәсекенің күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Түркияның Анталия қаласында басталған семсерлесуден Satellite турниріне 22 елден 300-ге жуық спортшы жиналды. Алғашқы күні қазақстандық Айгерім Сарыбай финалға дейін жетіп, әзірбайжандық Валерия Большаковадан жеңіліп қалды. Қола медальді түрік Нисанұр Эрбиль мен сингапурлық Джессика Шу Хуэй Онг алды. Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Анастасия Гулик қола жүлде үшін таласта ұтылып, бестікті түйіндесе, Карина Доспай 18-ші, Жасмин Капиджи 19-шы, Татьяна Приходько 20-сатыдан көрінді.

Ал ерлер арасында жарыс қожайындары дес бермеді. Энвер Йылдырым топ жарса, Мұхаммед Анасыз бен Толга Аслан одан кейінгі сатыға жайғасты.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.