Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық ауыр атлеттер анықталды

Ұқсас жаңалықтар

Чинджу қаласында (Оңтүстік Корея) 3-13 мамыр аралығында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Жарыс 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу саналады. Аталған құрлық додасында Қазақстан атынан 20 спортшы қатысады:

Ерлер: Арли Чонтей (55 кг), Өтепберген Әлиев (61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейтқазы (81 кг), Асылжан Бектай, Сергей Петрович (екеуі де – 89 кг), Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов (екеуі де – 102 кг), Андос Самарқанов (109 кг).

Әйелдер: Айнұр Әбдіқалықова (45 кг), Екатерина Алякина (55 кг), Алина Колиушко (59 кг), Карина Горичева (64 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Айша Омарова, Айым Есжанова (екеуі де – 81 кг), Динара Қыпшақбай (87 кг), Айсамал Сансызбаева, Любовь Ковальчук (екеуі де – 87 келіден жоғары).