Астанада Әлем кубогының үшінші кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін ірі доданың ертеңгі сессиясында ерлерден 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жарыс жолын бастайды.
Күндізгі сессия: 14:00
Кешкі сессия: 19:00
50 келі (9 боксшы). Ширек финал: Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы Әлем чемпионы) - Кото Шудай (Жапония)
55 келі (14 боксшы). Ширек финал: Сабырхан Махмұд (2023 жылғы Әлем чемпионы) - Шин Жаенг (Оңтүстік Корея)
60 келі (17 боксшы). 1/8 кезең: Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) - Якоб Кассар (Аустралия, 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері)
65 келі (19 боксшы). 1/8 кезең: Ертуған Зейнуллиннов (2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері) - Ахмет Пекел (Түркия)
70 келі (15 боксшы). 1/8 кезең: Абылайхан Жүсіпов (3 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері) - Алмаз Орозбеков (Қырғызстан, 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалисі)
75 келі (9 боксшы). Ширек финал: Сабыржан Аққалықов - Джошуа Офори (Канада)
80 келі (15 боксшы). 1/8 кезең: Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері) - Мурад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
Бұл қос боксшы Париж Олимпиадасының ширек финалында кездескен.
85 келі (6 боксшы). Ширек финал: Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы) - Лачлан Лаусон (Жаңа Зеландия)
90 келі (10 боксшы)
Сағындық Тоғамбай (Азия чемпионы)
Ширек финалда Италиядан Азиз Аббес Мухийдин (екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері) немесе АҚШ-тан Малачи Джоржес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі.
+90 келі (13 боксшы). 1/8 кезең: Айбек Оралбай (екі дүркін Азия чемпионы) - Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.