15.09.2025 | 07:14

БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан ерлер құрамасы бүгін 4 алтын медальға қол жеткізді. Жүлде алған былғары қолғап шеберлері:

1-орын. 50 келі. Санжар Тәшкенбай (22 жас)

1-орын. 55 келі. Махмұд Сабырхан (24 жас)

1-орын. 70 келі. Төрехан Сабырхан (19 жас)

1-орын. +90 келі. Айбек Оралбай (25 жас)

Ұлттық құрама Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына кіретін 7 салмақтың үшеуінде (55, 70, +90 келі) топ жарды. Осы бәсеке барысында қандай ерекшеліктер тіркелді?

-Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихындағы үшінші үздік көрсеткішін тіркеді.

-Ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан бір мезетте әлем чемпионы атанды.

-Төрехан Сабырхан ел тарихында ең жас әлем чемпионы атанды.

-Егіздер Айбек пен Нұрбек Оралбайдың да әлем чемпионы деген атағы бар.

-Араға 18 жыл салып, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жаһандық додада 2 дүркін әлем чемпионы атағын иеленді.

Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында 32 жекпе-жек (14-Азия, 14-Еуропа, 3-Америка, 1 - Африка) өткізіп, оның 26-ында жеңіске жетті. Ерлердің жалпы медаль кестесі:

Өзбекстан – 6 алтын

Қазақстан – 4 алтын

Бразилия – 3 күміс

Жапония – 1 күміс, 2 қола

Англия – 1 күміс, 2 қола

Болгария – 1 күміс, 1 қола

Испания – 1 күміс, 1 қола

Моңғолия – 1 күміс

Франция – 1 күміс

Куба – 3 қола

Әзірбайжан – 2 қола

Қытай – 2 қола

Ирландия – 1 қола

Грузия – 1 қола

Иордания – 1 қола

Хорватия – 1 қола

Мажарстан – 1 қола

Украина – 1 қола

Аустрия – 1 қола.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес