Бүгін Қызылорда қаласында бокстан VI жазғы жастар спорт ойындарында жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға қыздар арасындағы үздіктерді ұсынамыз:
48 кг: Диана Серікпаева (Ақмола облысы)
50 кг: Айым Танкибаева (Түркістан облысы)
52 кг: Жадыра Қалтай (Шымкент)
54 кг: Жәмилә Болатбекқызы (Жетісу облысы)
57 кг: Айғаным Қыдырхан (Жамбыл облысы)
60 кг: Эвника Садуақасова (Павлодар облысы)
63 кг: Алина Құдайгенова (Қарағанды облысы)
66 кг: Ақбота Есімбек (Астана қаласы)
70 кг: Мария Сидоренко (Жетісу облысы)
75 кг: Зарина Толыбай (Қызылорда облысы)
81 кг: Құралай Егінбайқызы (Жетісу облысы)
+81 кг: Панар Сейтханқызы (Алматы қаласы)
Қыздар арасында жалпыкомандалық есепте Жетісу облысы топ жарды. Жамбыл облысы мен Алматы қаласы үздік үштікті түйіндеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.