Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

САНЖАР ТӘШКЕНБАЙ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасындағы ширек финалдар басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ең жеңіл салмақта (48 кг) әлем чемпионы, Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай ширек финалда Тәжікстан өкілі Мефрон Шафиевпен кездесті. Шиеленіске толы айқаста жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңісңе жетті. Осы тұста 2-раундта Санжар қарсыласын нокдаунға жібергенін атап өтейік.

Енді жартылай финалда Ұлттық құрама боксшысы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Казума Аратекемен (Жапония) күш сынасады. Екі спортшы 2022 жылы Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтап үлгерген.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.