Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ФИНАЛЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Отандасымыз Демеу Жадыраев (77 кг) Париж Олимпиадасының финалында күреседі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол жартылай финалда Әзірбайжан өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Санан Сулеймановты ұтты. Есеп: 6-1.

Енді финалда ертең Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Нао Кусакамен күш сынасады.

Фото: Тұрар Қазанғапов.