Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында Дэвис Кубогы аясында Қазақстан мен Дания құрамасы арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жұптық сында Бейбіт Жұқаев пен Александр Недовесов Йоханнес Ингилдсен мен Кристиан Сигсгаардпен кездесіп, қарсыласқа 6-7, 3-6 есебімен жол берді. Жекелей сында Бейбіт Жұқаев Филипп Херттен басым түсті. Есеп: 3-6, 6-4, 10-8.

Айта кетейік, алғашқы ойын күні (14 қыркүйекте) Александр Бублик Эльмер Мёллерге, Александр Шевченко Август Хольмгренге есе жіберген. Жалпы есепте Дания 1-3 есебімен басым түсіп, 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы.