Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан мен Болгария күм мықтыны анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін, жарыстың 2-күні жұптық сында қазақстандық Александр Бублик пен Александр Недовесов корт иесі Александр Донски мен Александр Лазаровқа есе жіберді. Есеп: 3-6, 3-6. Осылайша, екі құрама арасындағы тартыстағы есеп 2-1, Қазақстанның пайдасына.
Енді жеңімпаз қалған екі кездесуде белгілі болады. Александр Бублик Димитар Кузмановпен, ал Тимофей Скатов Янаки Милевпен сынға түседі. Қазақстандықтарға бір жеңіс болса, жеткілікті.