Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Елена Рыбакина Острава турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Чехияның Острава қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы бәсекенің ширек финалында жарыс қожайыны Барбора Крейчиковадан жеңіліп қалды.

Алғашқы сетте Елена басымдық танытып, сенімді жеңді. Есеп: 6:3. Ал 2-партияда чех теннисшісі тай-брейкте басым түсіп, таразы басын теңестірді. Есеп: 6:7 (4:7). Осы жеңісіне қанаттанған Барбора шешуші сетті өз пайдасына шешіп кетті. Есеп: 4:6. Ақтық сын жолдамасы сарапқа салынған ойын 2 жарым сағатта аяқталды.

Матчта қазақстандық спортшы 17 эйс жасап, 1 рет допты ойынға қосу кезінде қос қате жіберді. Ал 26 жастағы чех 2 эйс істеп, 9 мәрте қарсыласына ұпай «сыйлады». Бұл екеуінің арасындағы 2-кездесу. Былтыр алғаш рет Аустралияның Мельбурн қаласында жолдары түйіскенде, Барбора ұтқан. Қазір WTA рейтингінде еліміздің 1-ракеткасы 26-шы, Барбора Крейчикова 23-сатыда тұр.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Остравада бұған дейін америкалық Мэдисон Киз, Александра Соснович (Беларусь) пен Петра Квитованы (Чехия) жеңген.