Теннистен Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина «Уимблдонның» төртінші айналымында ресейлік Анна Калинскаядан басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ойынның есебі: 6-3, 3-0. Екінші сетте Анна матчты жалғастырудан бас тартты. Енді Елена ширек финалда Элина Свитолина-Синьюй Ван жұбының жеңімпазымен бақ сынасады.