Бүгін 12 мамырда Астана қаласында басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыста 24 салмақта жеңімпаз анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпион деген атағын қорғап қалды. Олардың тізімі мынадай:
51 кг. Сәкен Бибосынов
57 кг. Махмұд Сабырхан
71 кг. Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)
80 кг. Тоқтарбек Таңатқан (Қытай)
92 кг. Сағындық Тоғамбай
50 кг. Ю Ву (Қытай, былтыр басқа салмақта топ жарған)
60 кг. Виктория Графеева (былтыр басқа салмақта топ жарған)
Гиан Ли (Қытай)
Жалпы 6 күнге созылған бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орын:
Ерлер:
Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола
Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
Қытай — 1 алтын, 1 күміс

Әйелдер:
Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола
Қытай — 4 алтын, 1 қола
Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола
Чемпион атанған қазақ боксшылары:
51 кг. Сәкен Бибосынов
54 кг. Карим Серкебаев
57 кг. Махмұд Сабырхан
60 кг. Талғат Сырымбетов
67 кг. Нұрбек Мурсал
75 кг. Тимур Нұрсейітов
86 кг. Нұрбек Оралбай
92 кг. Сағындық Тоғамбай
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев
57 кг. Карина Ибрагимова
60 кг. Виктория Графеева
63 кг. Аида Әбікеева
70 кг. Мадина Нұрышева
+81 кг. Елдана Талипова

ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫЛАР:
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев
54 кг. Юан Чанг (Қытай)
Тіркелген ерекше көрсеткіштер?
— 155 жекпе-жек өткізіліп, 13 айқас техникалық нокаутпен аяқталды. 4 кездесуде нокаут тіркелді.
— 11 жекпе-жекте қарсылас рингке шықпады. Нәтижесінде Сәкен Бибосынов, Карим Серкебаев, Махмұд Сабырхан, Қамшыбек Қоңқабаев финалда айқаспай чемпион атанды.
— Олимпиада жолдамасының иегерлері Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай жаңа салмақта өнер көрсетті.
— 10 Әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты.
—71 кг салмақта Өзбекстан сапынан ауысқан Аман Қонысбеков бірінші рет Қазақстан туы астында жұдырықтасты.

Жеңімпаздарға (1-орынға — 700 доллар, 2-орынға — 400 доллар, 3-орынға — 200 доллар) сыйақы берілді.
Суреттер: Қазақстан бокс федерациясы.