25.02.2024 | 11:27
Бөлісу:
Ерлер құрамасы Иракты жеңіп, қола жүлде жеңіп алды
Ирак астанасы Бағдатта садақ атудан Азия Кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Жүлде жолында Акбарәлі Қарабаев, Шәміл Сагутдинов пен Бунед Мирзаметов жарыс қожайыны Ирактың командасынан басым түсті. Есеп: 227-215.
Ертең жарыстың шешуші күні Олимпиада бағдарламасына кіретін классикалық садақ атудан жекелей және командалық сайыс өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ САДАҚ АТУДАН ТАРИХИ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
САДАҚ АТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА САДАҚ АТУДАН VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ.
САДАҚ АТУ: ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ КУБОГЫНДА ТАҒЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ