Бүгін бокстан 63,5 кг дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Ертуған Зейнуллинов Азия ойындарының 1/8 финалында Баходур Усмоновты жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жекпе-жек барысында екі боксшы да бір-бірін есеңгіретіп (нокдаун) алды. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы атанған Тәжікстан спортшысы осы салмақтағы фавориттің бірі саналды.
Енді Ертуған әлем чемпионы Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баатарсухийн Чинзориг (Моңғолия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
