Бокстан 22 жасқа дейінгі санатта Шри-Ланка астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жасурбек Анорбаев ширек финалда сүрінбеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз (-57 кг) жарыс қожайынын 3 рет есеңгіретіп, мерзімінен бұрын басым түсті. Анорбаевтың келесі қарсыласы - Непал боксшысы.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.