25.03.2025 | 21:21

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ: СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ СОЛТҮСТІК КОРЕЯ ӨКІЛІНЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Сұлтан Әсетұлы (63 кг) Амман қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қола медаль үшін белдесуде ол Солтүстік Корея спортшысы Чан Кимге жол берді. Есеп: 0-7. Еске сала кетейік, Сұлтан - 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионы (67 кг).

Чан Кимді былтыр Бішкекте өткен Азия чемпионатының жартылай финалында Жарлықасын жығып, алтыннан алқа таққан.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес