Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Грек-рим күресінен Германия Гран-приіне қатысатын қазақ палуандары анықталды

Ұқсас жаңалықтар

11-13 тамыз аралығында Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Германия Гран-приі өтеді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

Халықаралық бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары да бақ сынайды. Олар: Марлан Мұқашев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг), Алмат Кебіспаев пен Мейіржан Шермаханбет (67 кг), Ерасыл Нұрбосынов (72 кг), Тамерлан Шадукаев пен Демеу Жадыраев (77 кг), Ерұлан Искаков (97 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг).

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының палуандары келе жатқан XIX жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындығын пысықтайды.