Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ислам Сатпаев пен Александра Ле әлем чемпионатында 22-орын алды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сатпаев пен Александра Ле жұбы іріктеуде 22-орыннан көрінді. Екеуінің нәтижесі 627,7 ұпай. Еліміздің намысын қорғаған тағы бір дуэт Константин Малиновский мен Елизавета Безрукова 53-орын алды (622,8 ұпай).

Мұнда қытайлық атлеттер финалда Иран мергендерін айқын басымдықпен жеңіп, кезекті бас жүлдені қоржынға салды. Ал қола медаль үшін Франция-1 мен Израиль таласып, алғашқысының мерейі үстем болды. Бүгін барлығы 77 жұп бақ сынады. Толық нәтиже мына жерде.

Айта кетейік, Әзербайжан астанасындағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Қазір 101 мемлекеттен келген 1200-ден астам мерген бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке кезінде келесі жылы Францияның бас қаласы қабылдайтын Олимпиаданың 48 жолдамасы сарапқа салынады.